Таудай талап бергенше...   «Таңғажайып оқиғалар» топтамасынан: «Бесландағы соңғы қоңырау»  «Құпия оқиғалар» топтамасынан: “Кісі өлтіруге жаралғандар”  Қайрат – Чемпион! № 1 бейкүнә жігіт  Диско әуеніне бой алдырғандар 
 
Басты бет >> Жаңалықтар
  Жаңалықтар
Бағдарламалар
Жаңалықтар
Наша KZаша
Жүрекжарды
Кейіпкер
Тікелей эфир. "СуперЛото"
"Таң-тамаша"
Халық қалаулысы
Қыз қылығы
Астарлы ақиқат
Мұрағаттық бағдарламалар
Кино
Көркем фильмдер
Телехикаялар
Біздің сериал
Мультфильмдер
Телебағдарлама
КТК туралы
Біз туралы
Хабарландыру
Байланыс
Рейтингтер
Кастинг
Басшылық
Вакансиялар
Тілдесу
Байланыс
Форум
Байқаулар
Пайдаланушылар үшін


Еске сақтау  

Тіркелу | парольді ұмытып қалдыңыз ба?
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
Дс   6 13 20 27
Сн   7 14 21 28
Ср 1 8 15 22 29
Бс 2 9 16 23 30
Жм 3 10 17 24  
Сб 4 11 18 25  
Жк 5 12 19 26  
 ЖАЗЫЛУ
E-mail:
жазылу
20.11.2009 | Солтүстік Қазақстанда жаппай имандылық жолына бет бұрған ауыл пайда болды
Айзат Тұрғынбекқызы

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Мәдениет ауылының тұрғындары жаппай салауатты өмір салтын ұстанады. Мұнда арақ-шарап деген атымен жоқ. Той-томалақ тұрмақ, алкоголь өнімдері дүкен сөрелерінен де алынып тасталған. Бүкіл ауданға үлгі болып отырған ауылдың еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін Алланың жолына түсіп, намазға жығылған.

Алкоголден мүлдем бас тарту тұрғындарға оңай соқпағаны анық. «Жайған дастарханың арақ-шарапсыз болса, қонағың өкпелеп кететін жағдайға жеттік емес пе?» - дейді ауыл ақсақалдары. Дегенмен жаман әдеттен арылуға ауыл болып бел буған. Той-томалақты айтпағанның өзінде, мұндағы дүкендердің өзінде арақ мүлдем сатылмайды.

Мұқан Рақышев, ауыл ақсақалы:

- Құдандалы, жекжатты боламыз. Әлгібір қызметкер, төрелер келеді. Бәрі де құлаққағыс болған. Бұл - Мәдениет ауылы. Мұнда арақ ішуге болмайды.

Қайыркен Бимендин, ауыл ақсақалы:

- Ішімдікті мүлдем доғардық. Ондай жоқ ауылда.

Ауылда бір емес, екі мешіт бар. Тайлы-тұяғымен намазға жығылған ауылда жалғыз мешіт тарлық етіп, кейін үлкен намазхана салған. Арақ-шараптан мүлдем бас тартуға осы имандылық үйінің тікелей септігі тиіпті.

Нүритден Шәріпов, ауыл имамы:

- Ақсақалдардан да, орта жастағы адамдардан да, жастар арасында да неше түрлі кереғар пікірлер болды. Бірақ ақырын-ақырын осы нәрсе келді.

Жақсылық Жақыпов, учаскелік инспектор:

- Ешқандай төбелес, жанжал жоқ. Бұл өзі ең шеткі нысаным. Осы ауылды үлгі етуге болады.

Бірақ салауатты өмір салтын ұстанған Мәдениет тұрғындарынан үлгі алуға көрші ауылдың тұрғындары асығар емес. Жаман әдеттен мүлдем бас тартуға оларға ерік-жігер мен берік иман жетіспей жатқан сыңайлы.

Форумға ойласу

Пікір білдіру
 © АО "КТК", 2008-2009
 Ресми сайтты құрушы "Gazeta.kz" интернет-агенттігі