Аси  ОТКРОЙТЕ ДВЕРЬ, Я - СЧАСТЬЕ!  Сардар  Таудай талап бергенше...   Мектеп бітірушілердің бастан кешкендері 
 
Басты бет >> КТК туралы >> Біз туралы
  Жаңалықтар
Бағдарламалар
Жаңалықтар
Наша KZаша
Жүрекжарды
Кейіпкер
Тікелей эфир. "СуперЛото"
"Таң-тамаша"
Халық қалаулысы
Қыз қылығы
Астарлы ақиқат
Мұрағаттық бағдарламалар
Кино
Көркем фильмдер
Телехикаялар
Біздің сериал
Мультфильмдер
Телебағдарлама
КТК туралы
Біз туралы
Хабарландыру
Байланыс
Рейтингтер
Кастинг
Басшылық
Вакансиялар
Тілдесу
Байланыс
Форум
Байқаулар
Пайдаланушылар үшін


Еске сақтау  

Тіркелу | парольді ұмытып қалдыңыз ба?
Бiз туралы
Оригинальный размер

КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыға бастады. Бір айдан кейін бұл бағдарлама «Күндерек» деп аталды. 2000 жылдан бастап «Күндеректің» сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды.

2002 жылы тамыз айынан бастап көрерменнің ыстық ықыласына бөленген, басқа хабарлардан ерекшелігі бар тағы бір бағдарлама - «Ел-жұрт» шыға бастады. Оның ерекшелігі сол - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге мүмкіндік алды. Ал 2003 жылдың наурыз айынан «Ел-жұртты» Оразәлі Баймұрат жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. Бұл бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды.
Осы бағдарламалармен қатар шыққан «Қоғамдық қабылдау», «Қылмыс-ақпарат», «Алақан» хабарлары да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
«Миллион кімге бұйырады?» хабары арқылы танымал болған Ескендір Сіргебаев түнгі «Шамшырақ» бағдарламасын жүргізді. Қазіргі тележұлдыз Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен «Қызық радио» әзіл-сықақ хабары шығып тұрды. Одан кейін Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен «J-club», «Анда-санда» әзіл-сықақ бағдарламаларын шығарды.

2007 жылғы жаңа телемаусымда Срайыл Смайылдың жетекшілігімен жаңа бағдарламалар жарық көре бастады. Олардың алғашқысы – «Алаң жұрт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы. Одан кейін «Өз сөзім» авторлық хабары шықты.

КТК-ның бірегей жобасы – «Репортер» 2008 жылдың наурыз айында жарық көрді. Бағдарлама жүргізушілері – Гүлмира Әбіқай және Асқар Махмұтұлы 2008 жылы Қазақстан журналистер одағының сыйлығына ие болды.
КТК-ның бірнеше жыл қатарынан «Жыл телеарнасы» атануына қазақ хабарларының қосқан үлесі мол.
«Күндерек» ақпараттық бағдарламасы 2009 жылдың басынан «Жаңалықтар» деп аталды.

КТК «Жаңалықтары» ұжымының басты ұстанымы – көрерменге елде және әлемде болып жатқан оқиғалар жайында нақты, жан-жақты әрі объективті ақпарат жеткізу.

Қазір «Жаңалықтарда» журналист Ақмарал Әбжани бастаған құрамында жас әрі талапты жастары бар ұжым жұмыс істейді. Ресми Астананың жаңалықтарын бейресми сарынмен шебер жеткізе білген тілшілердің еңбегі көрерменнің жоғары бағасына ие болып жатса, алматылық тілшілердің есімдері де тұрақты көрерменімізге жақсы таныс.

Еліміздің рухани дамуына, саяси тұрақтылығын нығайтып, әлеуметтік жағынан жетілуіне, ұлтаралық ынтымақтастықтың бекуіне ықпал ететін факторлардың бірі – басқа елдердің мәдениетінен хабардар бола отырып, ұлт мәдениетінің өркендеуіне жол ашу. Аударма ісі қазақ даласында ертеден жанданып, қарқынды жүргені белгілі.

Бүгінгі таңда КТК телеарнасындағы аударма бөлімінің жұмысы елеулі нәтижелерге ие болды. Бұл бөлім 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 40 адамнан құралған ұжымда өз ісінің шеберлері, шебер аудармашылар мен майталман актерлар қызмет етеді. Ұжымның жұмысы бірнеше бағытта өрбіген: онда көрерменнің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған «Ғаламат теориясы» сияқты танымдық материалдар да, жас бүлдіршіндерге арналған мультфильмдер де, әлемнің атақты кинокомпаниялары түсірген түрік, Латын Америка, үнді, Ресей сериалдары да бар.

Жаңа телевизиялық маусымда республикалық КТК телеарнасында бірқатар жаңа жобалар эфирге шығады. Солардың бірі – еліміздің танымал тұлғаларын көрермен қауымға жаңа қырынан таныстыру мақсатымен дайындалған «Жүрекжарды» бағдарламасы. Көзі қарақты көрермен үшін қай кезде де - адамның тағдыры қызық. Ол саясат сахнасындағы қайраткер немесе халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген өнер адамы, тіпті еліміздің байрағын өзге елде желбіретіп жүрген спорт шеберлері болуы да мүмкін. «Жүрекжарды» жобасы елдің ерекше назарын аударған осындай белгілі жандардың басындағы шаттығы мен мұңын, қуанышы мен өкінішін бөліседі. Бағдарламаның ақпараттық-танымдық әрі тәрбиелік маңызы жағынан өзіндік орны бар. Ақылын серік ете белген әр жанның бір сыры еш бүкпесіз айтылатын бағдарламада кейіпкердің болмыс-бітімі барынша анық көрсетіледі.Сондықтан халықты зеріктірмейтін тың дүние өмірге келді деуге болады.

Адам баласының алмайтын қамалы, жеңбейтін қиындығы мен шықпайтын белесі жоқ. Әр заманның өз батыры бар, олар арамызда жүр. «КТК» арнасында қыркүйектен бастап журналист Гүлмира Әбіқайдың тұрақты зерттеулерінен құралған «Кейіпкер» бағдарламасы жарық көреді.

Жүрекке жылу беретін, жаныңа шуақ құятын «Кейіпкер» сіздің жаныңызда жүр. Олардың есімі, тағдыры, тұрмысы әрқилы болғанымен ұстанымы ортақ - өмір сүруге деген құштарлық.
Жаңа маусымда жарық көріп отырған тағы бір бағдарламаның аты - "Қыз қылығы мен былығы" деп аталады. Байлықты жаны сүйетін, жігіт десе ат-тонын ала қашатын, онша-мұншаны менсінбей, талғаммен ғана жүретін еркетотай қыздардың қылығы мен былығына куә боласыздар. Қыздар арасындағы құпияны естігілеріңіз келсе, бұл бағдарлама сіздерге арналған. Қыз бен жігіттің жаңадан танысуы, үш қыздың жігіттер туралы әңгімесі, яғни әзіл-қалжынға, қызықты көріністерге толы бағдарлама. Ішек-сілеңді қатыратын әзіл,шымшып тиісіп кететін, кейде шындықпен қиысып кететін әзілдер жетерлік.


 © АО "КТК", 2008-2009
 Ресми сайтты құрушы "Gazeta.kz" интернет-агенттігі