Таудай талап бергенше...   Қара пейілді аққұба аңшы   «Төтенше оқиғалар» топтамасынан: “ Айна қатесіз махаббат”  Сардар  Дауыл 
 
Басты бет >> Бағдарламалар
  Жаңалықтар
Бағдарламалар
Жаңалықтар
Наша KZаша
Жүрекжарды
Кейіпкер
Тікелей эфир. "СуперЛото"
"Таң-тамаша"
Халық қалаулысы
Қыз қылығы
Астарлы ақиқат
Мұрағаттық бағдарламалар
Кино
Көркем фильмдер
Телехикаялар
Біздің сериал
Мультфильмдер
Телебағдарлама
КТК туралы
Біз туралы
Хабарландыру
Байланыс
Рейтингтер
Кастинг
Басшылық
Вакансиялар
Тілдесу
Байланыс
Форум
Байқаулар
Пайдаланушылар үшін


Еске сақтау  

Тіркелу | парольді ұмытып қалдыңыз ба?
Жаңалықтар
Оригинальный размер
[Дүйсенбі-жұма күндері сағат 19:30, сағат 08.00 (қайталау)]


«Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе»


Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!
«Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынып отырады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және спорт саласындағы ең басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, жұртшылық арасында орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлап отырады.

Ерланби Дәулетияр - жүргізуші
Оригинальны размерАлматы облысында дүниеге келген. Мамандығы экономист болғанымен, өнер мен шығармашылыққа жақын ол телевизия саласындағы қызмет жолын 2000 жылы Петропавл қаласындағы облыстық телеарнада ойын-сауықтық бағдарламасының жүргізушісі болып бастаған. 2006-2007 жылдар аралығында Алматыдағы продюсерлік орталықтардың бірінде арт-директор болып үлгерді. КТК телеарнасында 2007 жылдан бері. «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасын 2008 жылдың қазан айынан бастап жүргізіп келеді.
Отбасылық жағдайы - бойдақ, жұлдызнамасы - Сарышаян, ермегі - бильярд.






Мәдина Балғабаева - жүргізуші
Оригинальны размерАлматы қаласында туып өскен. Мамандығы - драматург. Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. Көрермендерге телеарна жаңалықтарының жүргізушісі ретінде таныс. «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. 2007 жылы Мәскеуде өткен ТМД журналистері жобаларының байқауында «100 народов Казахстана» авторлық жобасы үшін «Бриллиант содружества» жүлдесін ұтып алған. 2009-жылдың наурыз айынан бері КТК жаңалықтарын жүргізіп келеді. Тоғыз жастағы Ілияс есімді ұлы бар. Бос уақытында мұз айдынында мәнерлеп сырғанауды ұнатады.






Жанат Бакыт - жүргізуші
Оригинальны размер2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қызыл дипломмен тәмәмдаған. 2004 жылы «Хабар» телеарнасындағы «Алтыбақан» бағдарламасын жүргізді. 2005-жылы НТК телеарнасындағы «Соңғы ақпараттар» бағдарламасын жүргізді. 2006 жылдан бері КТК телеарнасындағы «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі. «Ана тілі аруы», «Қыз сыны» байқауларының жүлдегері. Бос уақытында өлең, новелла жазғанды ұнатады, ал хоббиі – көлік жүргізу. Отбасылық жағдайы - Алла қосқан жолдасының адал жары, бір ұлдың анасы.



Дастан Шымырбай – жүргізуші әрі тілші
Оригинальны размер1985 жылы дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. 4 жыл бойы оқыған мамандықты тастап кетуге қимай, телевизия саласына келді. Дегенмен қазіргі жұмысын жанындай жақсы көріп істейді. Ұстанымы: “Артық айтып ат шығарғанша, ақылға салып аз сөйлеген жақсы”. Қымыз бен ет болмаса, өмірден дәм кетеді деп есептейді. Алматы облысындағы Жылысай ауылында өскен ол бүгінде ата сусынды Алматыда да іздеп жүріп ішкенді ұнатады. Жанар есімді жары, Бақытнұр мен Нұрәли атты ұлдары бар.



Бекзат Жүсіп – тілші, спорт комментаторы
Оригинальны размер1989 жылы 6 ақпанда Маңғыстау облысындағы Ұштаған ауылында дүниеге келді. Туған жеріндегі ең мықты саналатын саланы таңдап, алғашында мұнайшы болуды армандаған 16 жасар жас жігіт тосыннан Ақтаудағы “West” радиоcына келіп, журналистика оның ой-қиялын баурап әкетті. 2008 жылы Бекзат әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті. «Әріптес достарым мұнайды тастап, журналистикаға келген сені ғана білеміз деп қалжыңдайды»,-дейді оқу мен жұмысты қатар алып жүрген жас жігіт.




Зәуре Тұрсынбекқызы – спорт комментаторы
Оригинальны размер"Дакар " раллиге қатысып, Рональдиньомен кездесуді армандайды. Әлемде өтіп жатқан барлық спорт оқиғаларынан хабардар. Жүгіру мен секіруден алдына жан салмайтын бойжеткеннің көңіл-күйі әрқашан көтеріңкі. Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Спорт саласында үлкен жетістіктерге жетуді мақсат етеді.






Артур Ізбасов – шығарушы редактор
Оригинальны размерАқтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Мамандығы – тарих пәнінің мұғалімі. Журналист болам деп ешқашан армандаған емес. КТК арнасында 2005-жылдан бері қызмет етеді. Бос уақытында кітап оқып, көңілінің қошы келіп жатса, тамақ пісіргенді ұнатады. Үйленген, бір ұлы бар. Жұлдызнамасы - Тауешкі, бірақ, өзі оған ешқашан сенген емес. Ұлтжанды, коммунистер десе, төбе шашы тік тұрады.






Оразәлі Баймұрат – шығарушы редактор
Оригинальны размерГазеттің де, телевизияның да журналисі. Кезінде осының екіншісіне келемін деп мүлдем ойламапты. Себебі, ол үшін түрің керемет сұлу және Левитанның дауысындай қоңыр дауысың болуы міндетті деп есептеген. Ал қазір осы телевизия саласында жұмыс істеп жүргеніне 10 жылдан асты. Бұрын газетте істегенінің әсері болса керек, тележүргізушілік жұмысты “Шарайна” сараптамалық бағдарламасындағы “Апта мақаласы” басылымға шолу айдарын жүргізуден бастады. Сосын көрермен қауымға кеңінен танымал болған “Ел-жұрт” хабарын жүргізді. Сұхбат түріндегі “Өз сөзім” бағдарламасының автор-жүргізушісі болды. “Күндерек” (бұрынғы “Жаңалықтар”) ақпараттық, “Алаң жұрт” сараптамалық бағдарламаларының шығарушы редакторы қызметін атқарды.
Өмірінде телевизияға қатысты тағы бір қызық жәйт бар. Бала күнінде теледидардың алдынан шықпайтын болған екен. Сонда әжесі: “Телебизір саған нан бола ма? Одан да барып, малға қарасаңшы” деп ұрсатын көрінеді. “Сол телебизір маған шынымен де нан болды ғой. Нәпақамды осы салада тауып жүрмін”, - деп күледі Оразәлі.




Ғабит Ұзақбай – тілші
Оригинальны размерҚызылорда облысының түлегі. 2000-2005 жж Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдады. Телевизия саласында жұмыс істеуді 2004 жылдан бастады. Сол жылы «Астана» телеарнасының “Оқиға ізімен” криминалдық тақырыптағы бағдарламасын жүргізді. Одан кейін “Эра” телеарнасының жаңалықтар қызметінде екі жылдай еңбек етті. 2007-жылдың қазан айынан бастап, КТК телеарнасында еңбек етіп келеді. Тарихи шығармаларды оқығанды және осы жанрдағы киноларды жақсы көреді. География ғылымы да оны көп қызықтырады. Арманы – португал теңізшісі Фернанд Магеллан жүріп өткен жолмен дүниежүзін айналып шығу. Отбасылы, Жауқазын атты ару қыздың әкесі. Жылы -Тышқан, жұлдызы - Тауешкі. Ұнататын ойындары - шахмат пен бильярд.




Нұржан Сабырұлы – тілші
Оригинальны размерҚызылорда облысының тумасы. 2001 жылы Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика бөлімін тәмамдады. Заңгерлік білімі де бар. Телевизия саласындағы өмірін 2002-жылы «Хабар» арнасынан бастаған ол, жаңалықтар мен «Бетпе-бет» бағдарламасының редакторы болып тәжірибе жинады. Ал 2007 жылдан бері КТК телеарнасының Астанадағы бюросында тілші болып жұмыс істеп келеді. Отбасылық жағдайы – үйленген, әзірге бір ұлдың әкесі. Жұлдызнамасы – Таразы.






Әлия Нұрланқызы – тілші
Оригинальны размерТуған жері – Семей қаласы. Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің түлегі. 2005 жылдан бері қызығы мен шыжығы мол журналистика саласында еңбек етуде. «Жаңалықтардың» тілшісі және жүргізушісі қызметін атқарды. Түрлі семинарларға қатысып, үнемі біліктілігін арттырады. 2008 жылы Мәскеуде өткен ХІ Еуразиялық форумда «Мәдениет әлемі», ал Ханты-Мансийскідегі Халықаралық ХІІ экологиялық телефестивальде «Үздік ақпараттық сюжет» аталымы бойынша лауреат атағын алды. 2009 жылы Душанбеде Орта Азия елдері арасындағы экологиялық журналистика фестивалінде авторлық бағдарламасы 3-орынға ие болды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының БАҚ ішінен табиғатты қорғау тақырыбындағы байқауда жеңімпаз атанды.
Жұмыс десе, асын жерге қоюға даяр. Бос уақытында ұлымен бірге табиғат аясында рақаттанып демалғанды ұнатады. Сонымен қатар кино мен көркем өнерді тамашалап, аспаздықпен айналысуға әуес.


Әйгерім Асқарқызы – тілші
Оригинальны размер«Бақ қайда барасың? Береке, бірлігі бар жерге барамын!» Осы нақыл сөз ұжымдық жұмысты талап ететін телевизияға арнап айтылған деп есептейді. Алматы қаласында туып өскен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін қызыл дипломмен тәмамдады. КТК арнасында 1-курстан бастап жұмыс істеп келеді. Әлемдік классикалық әдебиетті сүйіп оқиды. Алыс сапарға шыққанды ұнатады. Үлкен тенниспен шұғылданады. Жұлдызнамасы – Бикеш.






Меруерт Бауыржанқызы – тілші
Оригинальны размерӨте көңілді, әрі қалжыңпаз қыз. Журналист болуды бала кезінен армандайтын. Небір дарындар дүниеге келген Шығыс Қазақстан облысында туды. 2008-жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Сүйікті ісі – тоқыма тоқып, кішкентай балаларды ойнату. Келешекте комедиялық фильмдерде ойнайтын актриса болғысы келеді. Өз мамандығын анасы пісірген тоқаштай жақсы көреді. КТК телеарнасына 2008-жылдың қыркүйегінде келді.






Асқар Махмұтұлы - тілші
Оригинальны размерБала кезінде “НАТО”, “Америка” деген сөздерден өлердей қорқатын. Тек өсе келе ақпарат құралдарының әліндей идеологияны сіңіре білетін соншалықты мықты қару екенін түсінді. “Бәлкім, журналистикаға жетелеп әкелген де осы шығар”- дейді өзі.
КТК арнасында күнделікті шығатын «Күндерек» ақпараттық бағдарламасынан бастап, талай бағдарламаларда тәжірибесін шыңдады. Күн сайын шығатын “Қылмыс-Ақпарат” хабарында жүрізуші-журналист, арнаның бірегей “Репортер” бағдарламасының авторы, әрі жүргізушісі ретінде қаламын ұштады. 2008 жылы «Репортер» бағдарламасындағы журналистік зерттеулері үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. Енді қайтадан жаңалықтардың қайнаған қазанына түсті.


Данияр Мұратбаев – тілшілер қосынының редакторы
Оригинальны размерАлматыда дүниеге келген. Мектеп жасында жазушы және ұшқыш болуды армандаған. Сол кезден бері қаламы ұшталып, мерзімдік басылымдарға әңгіме, прозаларын жаза бастады. 1996-жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. Негізгі мамандығы – халықаралық журналист. КТК телеарнасында 2007-жылдан бері. Белсенді өмір салтын жақсы көреді. Бос уақытында футбол ойнап, тау велосипедімен серуендегенді ұнатады. Әдебиет пен кино өнеріне көңілі құштар. Психология жанрын сүйіп оқиды. Өмірде сұлулықты аса бағалайды. Мінезі - ашық. Күз мезгілін жақсы көреді. Отбасылық жағдайы - бойдақ, жұлдызнамасы – Бикеш.




Төлеген Жұмабек – спорт комментаторы
Оригинальны размерОңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қосағаш елдімекенінде туып өскен. 1984-жылы Алматы энергетикалық иститутын бітіріп, 1986- 1988 жылдары Алматыдағы № 3 троллейбус паркінде қызмет істеді. Медиа әлеміндегі қадамын 1987-1989 жылдары “Қазақтелефильм” студиясынан бастаған. 1989-1991 жылдары мемлекеттік телерадио қызметкерлерінің Бүкілодақтық білім арттыру институтын тәмамдады. 2001-жылдан бері КТК телеарнасында. Әзілді жақсы көреді, ермегі – спорт. Екі ұлдың әкесі.






Назерке Сұлтанбек – спорт тілшісі
Оригинальны размер12 жасында әкесімен бірге алғашқы рет футбол матчына барған Назерке бүгін спорт тақырыбына қалам тартып жүр. Ендігі арманы - сүйікті клубы “Барселонаның” ойынын әйгілі “Камп Ноудың” трибунасынан тамашалау. Бос уақытында достарымен тоғызқұмалақ ойнап, кортта үлкен теннистегі шеберлігін ұштайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.






Самал Алманова – тілшілер қосынының редакторы
Оригинальны размерШығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында туған. 1997 жылы Өнер академиясының кино және телевизия факультетін тәмамдаған. Телевизиядағы жұмысын “Салем, Қазақстан” хабарындағы кинорубриканы әзірлеуден бастады. 1998-жылдан бері КТК телеарнасында еңбек етеді. Жұмыстан бос уақытын отбасына арнайды. Салтанат пен Санжар есімді екі баланың анасы.








Аймақтық тілшілер:

Бекжігіт Мәуленов – Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілші
Оригинальны размерЖасы 32-де. Үйленген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін қызыл дипломмен тәмамдаған. Негізгі мамандығы – мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы режиссер. Телевизиядағы алғашқы қадамын диктор болып бастаған. КТК арнасына келгелі шымкенттік шенеуніктердің №1 қасына айналды. Журналистикадағы негізгі ұстанымы: «Мәселе – Сізде емес, Сіздің кателігіңізде!»
Жұмыс телефоны- 8 (7252) 41 02 53, эл.поштасы - Bekzhigit_m@mail.ru






Эльмира Ахметова – Шығыс Қазақстан облысындағы тілші
Оригинальны размерНегізгі мамандығы мұғалім болса да, басына бала оқыту жазбапты. Алғаш рет телеарна есігін Семейде осыдан 6 жыл бұрын ашқан. Содан бері журналистикадан қол үзбей келеді. Жергілікті телеарнада ойын-сауықтық, танымдық, ақпараттық бағдарламаларды да жүргізіп көрді. 2007 жылдан бері КТК телеарнасында еңбек етіп келеді. Ұнататан ісі – әсем әуен тыңдау, өзін де әдемі ұстау. Ас-үй шаруасын енді-енді ғана игеріп жүрген жайы бар.
Жұмыс телефоны- 8 (7232) 26-19-18, эл.поштасы- emma_6@mail.ru




Гүлмира Тасболатқызы – Солтүстік Қазақстан облысындағы тілші
Оригинальны размерАлматыда туып, Қызылордада өсті. Көпбалалы отбасынан шыққан. 1993 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын, 2003 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ заң факультетін бітірді. Тұрмыста, екі қыздың анасы. Арманы – әлемді аралап шығу. Әдебиетті, поэзияны жақсы көреді. Фитнеспен, шығыс биімен айналысады. Көлік жүргізгенді ұнатады. «Машинамның ішіндегі саймандардың әрқайсысы қандай қызмет атқаратындығын білгім кеп тұрады. Көлігім сынып, СТО-ға бара қалсам, көлік жөндейтіндердің миын ашытып, ананы-мынаны сұрап, тыныштық бермеймін», -дейді.
Жұмыс телефоны- 8 (7152) 36 09 45; 36 55 79; эл.поштасы - saulebekova@mail.ru




Айзат Тұрғынбекқызы – Ақмола облысындағы тілші
Оригинальны размерСолтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданындағы Құмтөккен ауылында 1967 жылы дүниеге келген. Көпбалалы отбасынан шыққан. Негізгі мамандығы – мұғалім. Дегенмен журналист болуды армандап, институтты бітіре салысымен облыстық газетке тілішілік қызметке орналасты. Кейін жергілікті телеарнаға ауысып, тележурналист мамандығын игерді. Қарапайым халықтың мұң-мұқтажын ойлап, әділдік іздеу жолында аянбай еңбек етіп келеді. Адамның бойындағы адамгершілік, адалдық сияқты қасиеттерді пір тұтады. Жағымпаз, "ләппәй құлдық" деп тұратын адамдарды жек көреді. 2007-жылдан бері КТК телеарнасында еңбек етіп келеді. Тұрмыста, екі баланың анасы.
Жұмыс телефоны- 8(7162) 25 44 87, эл.поштасы- aisatktktv@mail.ru


Жаңалық Ахаш – Ақтөбе облысындағы тілші
Оригинальны размерАдам есіміне оның тағдыры жасырылған. Жаңалықтың «Жаңалықтарда» жұмыс істеуі о-бастан белгілі болғандай. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының түлегі ақпарат әлеміне кшентайынан әуес болып өсті. 11-сыныпта оқып жүріп, еңбек жолын облыстық радионың ақпарат бөлімінде тілшіліктен бастады. Бірер жылдан соң телевизия саласына бет бұрды. Журналистиканың барлық қырын меңгерсем деген ниетпен Жаңалық баспасөзде де қызмет атқарған. Отбасылы, ұл мен қыздың әкесі. Достарымен бірге демалыс сайын пейнтбол ойнап, табиғат аясында демалғанды ұнатады. «Егер журналистикаға келмегенде, аспаз болар едім,»-дейді.
Жұмыс телефоны – 8 (7132) 55-40-11, эл.поштасы - ahash@mail.ru


Айжан Әлібек – Павлодар облысындағы тілші
Оригинальны размерШығыс Қазақстан облысында дүниеге келген Айжан кішкентайынан журналист болуды армандады. Бірден сыни, өткір тақырыптарда репортаждар жазудан тайынбаған жас тілші облыстық газетте жарық көрген материалы үшін тіпті мектеп директорынан сөгіс алды. Дегенмен алған бетінен қайтпаған Айжан, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, үздік бітірді.
Бос уақытында қиялын қағазға түсіріп, сурет салуды, іс тігуді ермек қылады. “Әйел адам бесаспап болуы тиіс” деген қағиданы ұстанатын ол дәмді тағамдар әзірлегенді де ұнатады. Оның француз кондитерінен арнайы сабақ алғаны да бар. Қазір араб, ағылшын тілдерін меңгеріп жүр. Отбасында жан жары Рустаммен бірге Хасан есімді ұлын тәрбиелеп отыр.
Жұмыс телефоны – 8 (7182) 55-45-66, aizhantakenova@rambler.ru



Хабар жазу
Сіздің есіміз:
Сіздің Email:
Хабар мәтіні:
 © АО "КТК", 2008-2009
 Ресми сайтты құрушы "Gazeta.kz" интернет-агенттігі