«Таңғажайып оқиғалар» топтамасынан: «Бесландағы соңғы қоңырау»  «Төтенше оқиғалар» топтамасынан: «Лаңкестік. Талқаны шыққан тағдыр тәлкегі»  Геркулес  Сардар  Таудай талап бергенше...  
 
Басты бет >> Жаңалықтар
  Жаңалықтар
Бағдарламалар
Жаңалықтар
Наша KZаша
Жүрекжарды
Кейіпкер
Тікелей эфир. "СуперЛото"
"Таң-тамаша"
Халық қалаулысы
Қыз қылығы
Астарлы ақиқат
Мұрағаттық бағдарламалар
Кино
Көркем фильмдер
Телехикаялар
Біздің сериал
Мультфильмдер
Телебағдарлама
КТК туралы
Біз туралы
Хабарландыру
Байланыс
Рейтингтер
Кастинг
Басшылық
Вакансиялар
Тілдесу
Байланыс
Форум
Байқаулар
Пайдаланушылар үшін


Еске сақтау  

Тіркелу | парольді ұмытып қалдыңыз ба?
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
Дс   6 13 20 27
Сн   7 14 21 28
Ср 1 8 15 22 29
Бс 2 9 16 23 30
Жм 3 10 17 24  
Сб 4 11 18 25  
Жк 5 12 19 26  
 ЖАЗЫЛУ
E-mail:
жазылу
08.02.2010 | Коста-Рикада өткен президент сайлауында әйел үміткер жеңіске жетті
Дастан Шымырбай

Украинада президенттіктен Юлия Тимошенконың мүмкіндігі аз болса, Коста-Рикада өткен сайлауда керісінше, әйел үміткер үздік шықты. Лаура Чинчилья бұл елде алғашқы әйел- президент атанбақ.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, Лаура Чинчильяға 48 пайыздан астам костарикалықтар қолдау көрсеткен. Одан басқа, тағы екі үміткер – Оттон Солис пен Отто Гевараны сайлаушылардың 23 және 21 пайызы жақтаған. Косто-Рикада президент сайлауында 40 пайыздан аса дауыс жинаған үміткер жеңіске жетеді. Сондықтан әйел үміткердің сайлауалды штабы қазірден-ақ жеңіс тойын бастап кетті. Сондай-ақ, қалған екі үміткер де Лаура Чинчильяның заңды жеңісін мойындайтынын мәлімдеп үлгерді. Айта кетейік, Лаура Чинчилья қазіргі мемлекет басшысы Орскар Ариас Санчестің жақтасы, әрі оның орынбасары, яғни вице-президент қызметін атқарып келді. Сарапшылар биліктегі “Ұлт азаттығы” партиясының кезекті жеңісінен кейін Коста-Рика саясатында елеулі өзгерістер болмайтынын болжап отыр.

Лаура Чинчилья, Коста-Рика президенттігінен үміткер:

- Дәл осы жерде тұрып, барлық Коста-Рика тұрғындарына уәде беремін. Мен бастаған биліктің есігі кез-келген тұрғын үшін ашық болмақ. Елдегі жағдайды бағдарлау үшін және тиімді даму үшін сіздердің де тараптарыңыздан белсенділік күтемін.

Форумға ойласу

Қазіргі сәтте пікір білдіру сервисі қатынассыз.
 © АО "КТК", 2008-2009
 Ресми сайтты құрушы "Gazeta.kz" интернет-агенттігі