Адам бейнесінде қалу  «Төтенше оқиғалар» топтамасынан: “ Айна қатесіз махаббат”  ОТКРОЙТЕ ДВЕРЬ, Я - СЧАСТЬЕ!  Сардар  Таудай талап бергенше...  
 
Басты бет >> Жаңалықтар
  Жаңалықтар
Бағдарламалар
Жаңалықтар
Наша KZаша
Жүрекжарды
Кейіпкер
Тікелей эфир. "СуперЛото"
"Таң-тамаша"
Халық қалаулысы
Қыз қылығы
Астарлы ақиқат
Мұрағаттық бағдарламалар
Кино
Көркем фильмдер
Телехикаялар
Біздің сериал
Мультфильмдер
Телебағдарлама
КТК туралы
Біз туралы
Хабарландыру
Байланыс
Рейтингтер
Кастинг
Басшылық
Вакансиялар
Тілдесу
Байланыс
Форум
Байқаулар
Пайдаланушылар үшін


Еске сақтау  

Тіркелу | парольді ұмытып қалдыңыз ба?
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
Дс   6 13 20 27
Сн   7 14 21 28
Ср 1 8 15 22 29
Бс 2 9 16 23 30
Жм 3 10 17 24  
Сб 4 11 18 25  
Жк 5 12 19 26  
 ЖАЗЫЛУ
E-mail:
жазылу
08.02.2010 | Шығыс Қазақстандағы аң-құстарға қатты аяздан қырылып қалу қаупі төніп тұр
Эльмира Ахметова

Шығыс Қазақстан облысындағы қатты аяз бен қалың қардан жабайы жануарлардың қырылып қалу қаупі бар. Мамандардың айтуынша, түз тағыларына қалыңдығы 2 метрге дейін жететін омбы қар астынан қорек табу қиын. Қазір табиғат қорғаушылары оларды аман сақтап қалу үшін қолдан келген бар амалдарын жасап, тіпті даладағы жайылымдарға шөп тасуға кірісті. Оның үстіне, бұл жағдайды пайдаланып жатқан браконьерлер саны да күрт өсіп барады.

Қыс басталғалы қардың 3 жылдық мөлшері түскен Шығыс Қазақстан өңіріндегі ауа-райының қолайсыздығы түз тағыларын қыспаққа алып отыр. «Қандай да бір шара қолданылмаса, жабайы жануарлардың қыстан аман шығуы екіталай» - дейді табиғатты қорғаушылар.

Асқар Шынтеміров, облыстық жануарлар әлемін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бастығы:

- Қалың қардың үстімен шөп-жемдерді жеткізу қиын, трактор да жүре алмайды Сондықтан аттармен тиеп апарып жатырмыз.

Елігі көп Тарбағатай мен Зайсан аудандарындағы жайылымдарға 20 тоннаға жуық шөп жеткізілді. Азықсыз қалған қырғауылдар да қамқорға алыныпты. Әзірге олар үшін 300 келіден астам жем шашылған. “Жабайы жануарларды қыстан аман алып қалудың жалғыз жолы әзірге осы”- дейді мамандар.

Еліктерге браконьерлер де қырғидай тиюде. Сондықтан Күршім ауданында табиғат қаскөйлеріне қарсы екі жедел топ құрылды. Олар бірнеше күннің ішінде еліктердің жайылымына құрылған 10-нан астам қақпан тапты. Ал Зайсан ауданында елік атумен заңсыз айналысқан 22 жастағы азамат ұсталды. Оның үйінен жас еліктің терісі табылған.

Түз тағыларына аштан қырылу қаупі төнгенімен, хайуанаттар бағындағы жануарлардың жағдайы жаман емес. Аязды күндері оларды азықпен қамтамасыз ету қатаң бақылауға алынған.

Зайнетдин Шәмшиев, Өскемен қалалық хайуанаттар бағының бөлім меңгерушісі:

- Қыстан қысылмай шығып келеміз. Аман-есен, барлығының күйлері жақсы. Денсаулығына да көңіл бөлудеміз. Азық жеткілікті.

Ал синоптиктердің болжауынша, Шығыс Қазақстан өңірінде аязды және боранды ауа-райы ақпан айының ортасына дейін сақталмақ. Қазір облыс орталығы Өскеменде сынап бағанасы 40-41 градус суықты көрсетіп тұр.

Форумға ойласу

Пікір білдіру
 © АО "КТК", 2008-2009
 Ресми сайтты құрушы "Gazeta.kz" интернет-агенттігі