«Төтенше оқиғалар» топтамасынан: “ Айна қатесіз махаббат”  Сардар  Аси  Геркулес  Дауыл 
 
Басты бет >> Жаңалықтар
  Жаңалықтар
Бағдарламалар
Жаңалықтар
Наша KZаша
Жүрекжарды
Кейіпкер
Тікелей эфир. "СуперЛото"
"Таң-тамаша"
Халық қалаулысы
Қыз қылығы
Астарлы ақиқат
Мұрағаттық бағдарламалар
Кино
Көркем фильмдер
Телехикаялар
Біздің сериал
Мультфильмдер
Телебағдарлама
КТК туралы
Біз туралы
Хабарландыру
Байланыс
Рейтингтер
Кастинг
Басшылық
Вакансиялар
Тілдесу
Байланыс
Форум
Байқаулар
Пайдаланушылар үшін


Еске сақтау  

Тіркелу | парольді ұмытып қалдыңыз ба?
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
Дс   6 13 20 27
Сн   7 14 21 28
Ср 1 8 15 22 29
Бс 2 9 16 23 30
Жм 3 10 17 24  
Сб 4 11 18 25  
Жк 5 12 19 26  
 ЖАЗЫЛУ
E-mail:
жазылу
08.02.2010 | “Ғибрат” көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің басшыларына қатысты сот отырысы аяқталуға жақын
Меруерт Бауыржанқызы

«Алаяқтық жасады» деп айыпталып отырған “Ғибрат” көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің басшыларына қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. Бүгін айыпталушыларға сөз кезегі тиді. Аталған іс бойынша жауапқа тартылған ұйым төрайымы Мәрпия Бұтабаева, заңгері Гүлнәбира Мамытова және есепшісі Жаңыл Балқыбаева кінәларын мойындамай отыр. Халықтың 10 миллион долларын қалтасына басқан алаяқтарға байланысты кезекті сот отырысына тілшіміз Меруерт Бауыржанқызы қатысты.

Үш айға созылған сот ісі аяқталуға жақын қалса да, айыпталушылар кінәларын мойындамай отыр. Кінәні бір-біріне сілтеген әйелдер «жиналған ақшаның қайда кеткенін де білмейміз» дейді. Тіпті өздері алданып қалған кейіп танытты.

Мәрпия Бұтабаева, айыпталушы:

- Жіберген қателігімнен, сенгіштігімнен, салақтығымнан өзіме тиесілі жазамды алып отырмын деп ойлаймын. Сондықтан халықтан кешірім сұраймын.

“Ғибраттың” төрайымы Мәрпия Бұтабаеваның түрмеде отырғанына 1 жылдан асты. Ал оның сыбайластары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Мәрпия Бұтабаеваны да мазалайтын осы мәселе. Ол аталған ұйымның заңгері «Гүлнәбира Мамытоваға алданып қалдым» дейді.

Сатылған 162 гектар жер Алматы-Қапшағай тас жолының бойындағы Қосөзен ауылында орналасқан. Оны 2001-жылы Іле аудандық әкімдігі “Іле” өндірістік кооперативінен алып, уақытша пайдалану үшін жекеменшікке өткізіліпті.

Содан бері қолдан-қолға өткен жерді 3 жыл бұрын Мәрпия Бұтабаева сатып алған. Айта кету керек, бұл жерге үй салуға болмайды; тек шаруашылық жүргізуге арналған. Оның үстіне, неге екені белгісіз, жер қоғамдық ұйымның балансына алынбай, заңгер Гүлнәбира Мамытованың атына жазылыпты.

Гүлнәбира Мамытова, айыпталушы:

- Бүның бәрі өсек-жала деп санаймын.

Қазақшасы болымды бола тұрса да, Мамытова ханым мемлекеттік тілде өтіп жатқан осы сот барысында аудармашының көмегіне сүйенді. Ал алданған аналар өз шығындарын қайтарып алу жағына алаңдаулы.

Ұлниза Уәлиева, көпбалалы аналардың қоғамдық өкілі:

- Қазір жердің құны түсіп кетті. Ақшаға шаққанда, барлық адамның ақшасы қайтпайды. Сондықтан адамдардың көңілін толтыру үшін залалды өндіріп алуға жерді талап етіп отырмыз.

Арзан жерден дәмелі мың жарымға жуық халық сот әділетті шешім шығарады деп сеніп жүр. Бұл іске қатысты келесі сот отырысы осы аптаның ішінде өтеді деп күтілуде.

Форумға ойласу

Қазіргі сәтте пікір білдіру сервисі қатынассыз.
 © АО "КТК", 2008-2009
 Ресми сайтты құрушы "Gazeta.kz" интернет-агенттігі